Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қызылорда облысы

СОЛ ЗАМАНДА БОЛҒАН БАТЫРЛАР

СОЛ ЗАМАНДА БОЛҒАН БАТЫРЛАР

Көркем сөз өнерінің көрнекті өкілі, қазақтың ақтаңгер ақындарының бірегейі, әйгілі Шал /Тілеуке/ Құлекеұлының туғанына биыл 270 жыл және кең байтақ жерімізді, бытырай қонған елімізді қызғыштай қорғаған атақты батырларымыздың бірі – Қожаберген жыраудың 355 жылдығына орай аудандық балалар кітапханасында кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен «Сол заманда болған батырлар» атты тарихи әңгіме сағаты өткізілді.

Іс-шараның бірінші бөлімінде кітапханашы Кәкима Айтанқызы атақты қазақ халқының ақыны Шал ақын Құлекеұлының өмірбаянымен және шығармашылықтарымен толық өрбітті. Шал ақын өте сауатты, суырып салма әнші болған. Балалар ақынның өлеңдерімен танысып, өздерінің пікірлерін ортаға салды. Ақынның шығырмаларын мәнерлеп оқып, «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің», «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Кедейлік туралы», «Кәрілік туралы» т. б. шығармаларынан 18-ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік жағдайлары, мінез-құлық ерекшеліктері жақсы байқалғанын, сол дәуірдің өмір көріністерін айқын аңғарылғанын сипаттады. Шал ақынның өлеңдерінде адамгершілікті, әділеттікті өсиет ретінде насихаттайды. Жастарға ғылым жолын қуып, ғалым болуға тырысуды нұсқайды. Ақын өнерлі, білімді азаматтың халқына адал қызмет етуін қалайтынын көрсетеді. Сонымен бірге ақын өлеңдерінде өзекті орын алған үлкенді құрметтеу, бала тәрбиесі және отбасының бірлігі, сыйластығы, әдептілігі үлгі ретінде ұрпаққа қалдырған өсиеті. Шараның екінші бөлімінде батыр-жырау, мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, күйші-сазгер және халық батырларының бірі – Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлының өмірбаяны және таңдамалы шығармашылықтарымен балаларды таныстырды. Қазақ халқының шығу тарихын жырға қосып, «Ата тек» дастанын және «Жеті жарғы» тарихи дастанын жазған. Балалар «Ұлы мұра» бейнебаянына назар аударып, Қожаберген жыраудың ақындық талантын танытқан, тарихқа атын қалдырған «Елім-ай» жыр-дастанын тамашалады. Тарихи әңгіме сағаттың соңында балаларға дауылпаз ақынның шығармашылығының үзіндісін оқып, «Дарындылық байлығы» атты ұлы тұлғалардың кітап көрмесіне шолу өткізілді. Қазақтың өлең өнерінің інжу маржан үлгілерін жасаған, артына өлмейтін асыл сөз қалдырған, поэзия тұғырын биікке көтерген ақындар атасы Шал Құлекеұлының және Қожаберген жыраудың мұралары болашаққа да қадір қасиетін сақтай беретіні сөзсіз.

 

басқа жаңалықтар