Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қызылорда облысы

НАНДЫ ҚАДІРЛЕҢДЕР!

НАНДЫ ҚАДІРЛЕҢДЕР!

«Ас атасы – нан».

 

Адамдар тұтынатын барлық азық-түлік өнімдерінен нан сөзсіз, бірінші орынға ие. Адамдардың нанды қай уақыттан бастап пісіре бастағандары анықталмаған. Егістіктерге бидай еге бастағаннан адамдар оларды шикі күйінде пайдаланумен тоқтап қалмай, жасанды түрмен өздерінің тамақтарына қолдана бастағандары сөзсіз.

Біз нанмен күн сайын кездесеміз. Таңғы, түскі және кешкі ас та нансыз өтпейді. Әлемнің барлық халқы нан жайлы сүйіспеншілікпен, ерекше жылулықпен айтады.

Біз күнделікті өмірде көп нәрсені байқамаймыз. Ал балаларымыз мүлдем ондай емес, олар бұтаққа қонған құсты да, ұшқан жапырақты да назарларынан тыс қалдырмайды. Олар «Неге?» деген сұрақтарын қоюдан тынбайды және әр нәрсеге қуанады.

Нан – бізге үйреншікті болып кетті, оның дастарханымызда болмауы мүмкіндігін мүлде елестетіп көрген емеспіз. Алайда осындай «қызықсыз» наннан баланы дамыту үшін көп мүмкіндіктерді байқауға болады. Үйренген заттарға басқаша көзбен – балалар секілді таңқалған-масаттанған «неге» деген көзқараспен қарап көрсек.

Нанды қадірлеуге сәби кезден үйретіп, осы сүйіспеншілікке отбасында, балабақшада, мектепте баулу керек. Нанға адамгершілікпен қарау – ұқыптылықпен қарау деген сөз. Жүрегіңді ауыртатын мынадай суретті көруге болады – жерде тапталған нан. Бұл – өнегесіз қылықтың куәсі. Нанның біздің дастарханымызда адамдардың ауыр еңбегімен пайда болатынын ұмытпауымыз керек. Егер бала нанның қандай жолмен келгенін білсе, оған ұқыптылықпен қарай бастайды.

Қыркүйек айының күндері бізді жылылығымен қуантты. Осындай күндердің бірінде біз орта буынның балаларымен «Заградовское» ЖШС-нің егістіктерінің бірінде болдық. Балалардың қуанышына орай егіс алқабында комбайн тұр екен. Геннадий Чех балаларға өзінің күрделі де ақылды машинасын көрсетіп, комбайнның мотоайырмен масақтарды алып, оларды егін оратын машинаға түсіріп, өткір пышақтармен қиып, сосын масақтардың астық бастырғышқа, кейін дәндердің транспортермен бункерге түсетіндігін айтып берді. Бункер толғаннан кейін дәндерді машинаға тиейді. Балалар «егістік кемесін» жақыннан көріп, комбайнның кабинасында отырды. Сондай-ақ олар егіс алқабынан бидай масақтарын да жинады. Күтпеген жерден егістікке үлкен жүк машинасы шығып, біз бастырылған дәннің бункерден машинаға тиелгенінің куәсі болдық. Балабақшаға шаршап келсек те, алған әсеріміз бен біліміміз ұшан-теңіз.

Содан кейін біз наубайханаға экскурсия жасадық. Наубайхана меңгерушісі Ю.Пахомова нанның қалай пісірілетіндігі жайлы айтып берді.

Мен балалардан «Енді сендер нанға қалай қарайсыңдар?» деп сұрадым. Балалардың бәрі: «Нанға ұқыптылықпен қараймыз, нанды қажетінше ғана аламыз», -деп жауап берді. Балаларға ата-аналарына нанды қанша адамдардың жасайтындығы және оны өндіруге қанша күш кететіндігі жайлы айтып берулерін ұсындым.

Егер бала дастарханға нанның келуі үшін қанша еңбек кеткендігін білсе және есінде сақтаса, оның қадірін түсінеді деп ойлаймын.

Экскурсияны ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін «Светлячок» шағын орталығының меңгерушісі Т.Фисенкоға, «ГАЗЕЛЬ» автокөлігінің жүргізушісі А.Пухальскийге алғысымды білдіремін.

басқа жаңалықтар