Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қызылорда облысы

ҚАРТТАРЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛ АРДАҚТЫ

ҚАРТТАРЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛ АРДАҚТЫ

1 қазан күні ауданымызда дәстүрлі түрде Халықаралық Қарттар күні аталып өтті. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты салтанатты іс-шара Мәдениет үйінде болды. Еңбек ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және зейнеткерлерді құттықтауға аудан әкімі Мұратбек Әбішев келді.

Мерекелік концерт әдемі биден басталды. Мәдениет үйінің ерлер ұжымы «Отрада» вокалдық тобының әйелдерімен бірге вальс биін орындады. Содан кейін сахнаға шыққан аудан әкімі Мұратбек Әбішев бұл күннің аға ұрпақ өкілдеріне азаматтық патриоттықтары және оптимизмдері үшін терең құрмет пен алғысымызды білдіретін күн екеніне тоқталды.

«Сіздер ауданның және тұтастай еліміздің экономикалық дамуына баға жетпес үлес қостыңыздар, - деп жалғастырды сөзін Мұратбек Жапасұлы. – Біздер мақтаныш ететін қазіргі кезге сіздердің арқаңызда қол жеткіздік. Сіздердің үлестеріңізге көп қиыншылықтар түсті: соғыстың ауыртпалық жылдары, тыңды игеру және Қазақстанның Тәуелсіздік алу жылдары. Сіздердің тағдырларыңыз бұл қайсарлықтың және адамгершіліктің, өз Отанына риясыз қызмет етудің үлгісі болып табылады. Бүгінгі күні де сіздердің ауданның қоғамдық өміріне тікелей қатысып, белсенді азаматтық ұстаныммен айналысуды жалғастыруларыңыз бізді қуантады. Сөзсіз, сіздердің жинаған білімдеріңіз баға жетпес тәжірибе мен өмірлік даналықты талап ететін жастардың бастамасымен қатар заманауи жағдайда аса маңызға ие. Сіздерді жылулық пен қамқорлыққа бөлеу, лайықты өмір мен ертеңгі күнге деген сенімділікті қамтамасыз ету біздің борышымыз. Аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда жыл сайын зейнетақылар мен жәрдемақылардың көлемі ұлғаюда, қарт адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек жүйесі жетілдірілуде. Аға ұрпақ өкілдеріне біз тамыз айында салтанатты түрде 90 жылдығын атап өткен туған ауданымыздың дамуына қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қайсарлықтары мен өз Отаннына деген жанқиярлықтары үшін айрықша алғыс айтамыз. Зейнеткерлік демалысқа шыққандар мен әлі де еңбек етіп жатқан зейнеткерлерімізді де құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ та бақытты өмір, туғандарыңыз бен жақындарыңыздың тарапынан сүйіспеншілік тілеймін».

Есіл ауданының 90 жылдығын мерекелеу жылы көпжылдық еңбегі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және Халықаралық Қарттар күнін мерекелеуге байланысты аудан әкімінің Құрмет грамотасымен «Есіл-Қамқор» ЖШС-нің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі Александр Павлович Власов пен аудандық ардагерлер кеңесінің денсаулық сақтау бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі Мамиля Әубәкірқызы Жолдаяқова марапатталды.

Ал аудан әкімінің Алғыс хатымен «Отрада» вокалдық ұжымының қатысушысы Любовь Ивановна Загребельная және аудандық ардагерлер кеңесінің зейнеткерлерді әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету бойынша комиссиясының мүшесі, аудандық ардагерлер кеңесі Президиумының мүшесі Ольга Васильевна Огий атап өтілді.

Марапаттар тапсырылғаннан кейін концерт басталды. Осы күні әртістер өнерлерін паш етті. Әсіресе кішкентай әртістеріміз ерекше есте қалды. Сахнаға Вячеслав Добрыниннің «Бабушки-старушки» әнімен шыққан «Моншақ» бөбекжайының, «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілері және «Балдырған» шағын орталығының тәрбиеленушілері орындаған «Мои маленькие звезды» нөмірі көрермендер қошеметіне бөленді. Галина Мишинаның «Позвоните матерям» әні тыңдаушылардың көбінің көздеріне жас алдырды. Балалардың музыкалық хорының орындауымен концерттің барлық қатысушылары сахнаға шығып, тағы да аға ұрпақ өкілдеріне өз құрметін көрсетті. Іс-шара соңында дәстүр бойынша суретке түсті.

Сондай-ақ бұл күні аудандық ардагерлер кеңесінің басшысы Төлеген Мұқашев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Айнагүл Бектасова Ұлы Отан соғысының ардагері Георгий Гуцевке барып шықты. Олар оған азық-түлік пакеті мен құттықтау хатын тапсырып, ұзақ ғұмыр мен сергек көңіл-күй тіледі.

басқа жаңалықтар