Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қызылорда облысы

ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ

ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ

Заманауи мұражайдың міндетіне оқушылармен әр түрлі бағытта жұмыс істеу кіреді. 

2018 жылғы 28 қыркүйекте Е.П.Старинконың жетекшілігімен Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінің 4 «а» сыныбының оқушыларымен біз «Жолдағы қауіпсіздік – өмір қауіпсіздігі» атты балалардың жол-көлік зақымдалуының алдын алу бойынша тақырыпты қарадық. Балаларды Жол қозғалысы ережелеріне ерте жастан үйрете бастау керек. Осындай сабақтарды өткізу маңызды және қажетті болып табылады, өйткені олар оқушылардың Жол қозғалысы ережелерін саналы түрде қолдану машықтарын дамытады, өз өмірін сақтау үшін жолда қауіпсіздік пен жауапкершілікті сақтаудың маңызын түсіндіреді.

Оқушыларға арналған сабақ ойын түрінде өтті. Ол балаларға тақырыптың мәнін түсінуге, шаршамай, керісінше аталған тақырып бойынша қойылған сұрақтарды белсенді талқылауға мүмкіндік берді.

Ішкі істер бөлімінің арнайы көліктерінің келуі балалардың қуанышын тудырды. Балалар полиция қызметкерлеріне жан-жақтан сұрақ қойып, «мигалканы» көрсетуді, рацияны қосуды сұрады. Әңгімелескеннен кейін оқушылар қауіпсіз жолдың – бұл мектепке және үйге екендігін түсініп, келісті.

 

басқа жаңалықтар