Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қызылорда облысы

ОЛАРДЫ ҰМЫТПАЙМЫЗ

ОЛАРДЫ ҰМЫТПАЙМЫЗ

Қарт адамдарға қолдау көрсету айлығы уақытында аудандық ардагерлер кеңесі зейнеткерлер мен еңбек ардагерлеріне олардың ауыр еңбектеріне ризашылығын білдіріп, мерекемен құттықтауға және сыйлық беруге үйлеріне барып шығады. Өткен сейсенбі күні аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Мұқашев біздің ауданымыздың ұзақ жасаушысы, Чириковка ауылында келінімен және немересімен тұрып жатқан Марғия Наурызбекқызы Асықбасовамен кездесті.

2019 жылғы 1 қаңтарда Марғия Асықбасова өзінің 103 жасқа толғанын атап өтеді. Апамыз Петропавл қаласында 1916 жылы дүниеге келген. Сонда оқу бітіріп, ет комбинатына жұмысқа орналасып, 4 жыл еңбек етеді. Тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасымен бірге Жаңалық кеңшарына көшіп келеді. Соғыс жылдары тылда, басқа әйелдермен бірге соғысқа астық жіберу үшін бидай егуге егістік жерінде еңбек етеді. Соғыстан кейін Марғия Наурызбекқызы Жаңалық мектебінде аспаз болып істеп, сол жерден зейнеткерлік демалысқа шығады.

Марғия Асықбасованың 4 баласы, 17 немересі және 11 шөбересі бар. Шөпшектері де бар. Апамыздың отбасы үлкен. Ұзақ уақыт Жаңалықта тұрған ол немересі Болат пен келіні Гүлжан Забеновтарға көшіп келеді.

Гүлжан бір жыл бұрын Марғия Наурызбекқызының белсенді болып, үйге отынды да өзі кіргізгендігін айтады. Ал қазір бұрынғыдай белсенді емес.

Марғия Асықбасова тұратын үйге келгенде апамызға онда жайлы екендігін түсінесің. Айнала мұнтаздай таза. Апамыздың өзі де күтім көрген. Алайды есту қабілеті нашарлағандықтан ұзақ әңгімелесе алмадық. Төлеген Күпашұлы Марғия Наурызбекқызын мерекемен құттықтап, оған азық-түлік пакетін тапсырып, сергек те жарқын көңіл-күй тіледі.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марғия Наурызбекқызымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагері, Петровка ауылында тұрып жатқан Василий Савельевич Порядинмен және Корнеевка ауылынан Ұлы Отан соғысының ардагері Алексей Андреевич Пивкинмен де кездесті. Оларға да азық-түлік пакеттері мен құттықтау хаттарын табыс етті.

 

басқа жаңалықтар