Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қызылорда облысы

БІЗДІҢ АУДАНЫМЫЗДА БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ КҮН ӨТТІ

БІЗДІҢ АУДАНЫМЫЗДА БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ КҮН ӨТТІ

Ауданымызда облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Степанович Бубенко жұмыс сапарымен болды. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша бірыңғай ақпараттық күн өткізіп, 2018-2019 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы айтты.

Ол өз баяндамасын өнеркәсіп саласынан бастап, 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен жалпы сомасы 153966,1 млн.теңгеге өнім шығарылғандығын атап өтті, бұл 2017 жылғы қаңтар-тамыз айларынан 0,9% төмен.

«Ағымдағы жылдың сегіз айында азық-түлік өнімдерін шығару 70920,1 млн.теңгені құрады, - деп жалғастырды сөзін Владимир Степанович, - ет өндірісі – 6,9%, өңделген сүт – 17,5%, ұн – 39,6%, шұжық өнімдері – 1,4%, макарон өнімдері – 14,6%, малдарға арналған дайын өнімдер – 1,8% ұлғайған. Өңдеуші өндірістің 19,9% көлемін алып отырған машина жасау саласында 20960,3 млн.теңге сомаға өнім өндіріп, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетілген, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңінен 31,3% аз».

Сондай-ақ ол резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісіне, электржабдықтау, газ беру және сумен жабдықтау салаларына да жан-жақты тоқталды.

Жаппай кәсіпкерлік тақырыбы да қозғалды. Ауыл шаруашылығында 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында жалпы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 136315,3 млн.теңгені құрады.

Облыстық мәслихат хатшысы құрылыс тақырыбына, нақты айтқанда, ауылдық жерде не болатындығына тоқталды.

«Тұрғын үйлерді салумен ауылшаруашылық құрылымдары айналысатын болады, - дейді Владимир Бубенко. – Бүгінгі күні құны 7,5 миллион теңге тұратын жобалар бар. Содан соң басшылар мамандарды жинап, оларды тұрғын үйлерге орналастырады, кейін мемлекет ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге 5 миллион теңгедей төлейді. Бұл өндірісте қабылданған  3 жылдық бағдарлама».

Бюджетке тоқталсақ, Владимир Бубенко облыстық бюджетке 135 миллард теңге түскендігін атап өтті, ал жеке кірістер 27,5 миллиард теңгені, әлеуметтік қорғау саласында бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек облыс бойынша 242 миллион теңгені құраған.

Ол сондай-ақ білім тақырыбы жайлы айтып өтіп, бес әлеуметтік бастамалар аясында облыстың басты жоғарғы оқу орны – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне қатысты бағдарламаларға да тоқталды.

«Петропавл қаласындағы негізгі университет – бұл СҚМУ, - деп жалғастырды сөзін Владимир Степанович. – Биылғы жылы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен қосымша медицина мамандықтары ашылды. Сонымен қатар облыс әкімі үш бағыт – ауылшаруашылығы, педагогика және дәрігерлік бойынша 75 грант бөлді. Өткен жылы облысымызда гранттардың жалпы саны 340 болса, биыл ол 1042 болды. Бұлар республикалық гранттар. Ол бізге студенттеріміздің көрші мемлекеттерге кетулерін 15% қысқартуға мүмкіндік берді».

Сондай-ақ ол университетті дамыту бойынша екі қосымша жатақхана мен СҚМУ-дың заманауи басты корпусын салу жоспарланып отырғанын айтты. Мектептерге қатысты айтсақ, биылғы жылы 20 шақты білім беру нысаны жөнделді. Келесі жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық өңірде жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. 120 білім үйі іске қосылатын болады. Сондай-ақ мектептерді заманауи компьютерлік техникамен жабдықтау жалғастырылады. «Сіздер барлығыңыз екі мемлекет көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қазан айындағы кездесу орны ІТ-орталық орналасқан Оқушылар сарайында екенін білесіздер, кейін онда 1800 оқушы айналысатын болады», - дейді Владимир Бубенко.

Сондай-ақ денсаулық саласы да қозғалды. Қазір Петропавл қаласында 700-800 орынға есептелген көпкескінді аурухананың жобасы аяқталуға жақын. Бұнда әр түрлі ауруларды анықтауға арналған ең заманауи құрылғылар шоғырландырылатын болады. Сондай-ақ облыс әкімінің бастамасы бойынша шеттен келген дәрігерлерге арналған көтерме ақылар бекітілді, бұл үшін арнайы облыстық бюджеттен 75 миллион теңгедей бөлінді.

Жол құрылысы саласы да назардан тыс қалмады. Осы мақсаттарға 3 жыл бойына 10,7 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінетін болады деп жоспарлануда.

Владимир Бубенкоға салмағы 40 тонна және одан асатын үлкен жүк машиналарының асфальтты бүлдіретіндігіне қатысты сұрақ қойылды. «Осындай көлік құралдарының трассада жүруіне қатысты заң қабылданады ма?» деген сұраққа Владимир Степанович бұл мәселенің қазіргі сәтте ҚР Парламенті Мәжілісінің Сенаты мен депуттаттарының деңгейінде шешіліп жатқандығын айтып: «Бұлар карьер машиналары, сондықтан олар сонда жұмыс істеулері қажет», - деді.

Баяндамасының соңында ол біздің облысымыздың жыл сайын даму үстінде екендігін атап өтті. Ауылдағы өмір деңгейін көтеруге берілетін кредиттік қорлар, шағын кредиттер ұлғаюда.

«Есіл ауданында қазір астық жинау науқаны жүріп жатыр. Сіздердің аудандарыңыз бойынша орташа өнімділік гектарынан 16,3 центнерді құрайды, бұл сан облыс бойынша 16-ға тең. Былайша айтқанда, сіздерде шамалы жоғары. Қазір астықтың бағасы көтерілді, 4 класты тоннасын 45 мың теңгеден қабылдауда. Сондықтан да ең бастысы – астықты қамбаға уақытында жинап, кейін оны сәтімен сату», - деді ол.

 

басқа жаңалықтар