Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қызылорда облысы

БАСТЫСЫ – ТАБЫСТЫ БОЛУҒА ДЕГЕН СЕНІМ

БАСТЫСЫ – ТАБЫСТЫ БОЛУҒА ДЕГЕН СЕНІМ

Кезінде «Заречный» кеңшарының атағы тек қана облыста ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына дүрілдеп тұрған еді. Мысалы, Социалистік Еңбек Ерлері – Дмитрий Афанасьевич Росинский, Надежда Константиновна Лукьянченко және Татьяна Яковлевна Жукова. Алайда 90-шы жылдарда бәрі өзгере бастады. Дегенмен жаман жағына қарай емес. 1998 жылы «Заречный» ЖШС-і пайда болды. Ал 2009 жылы бұнда жаңа басшы Серік Хабдуллаұлы Женапинов келгеннен кейін серіктестіктің өмірі жанданды деуге болады. Ол жұмысты жалғастырып, бұрынғы басшы Бағыт Баязитұлы Меңжасаровтың дәстүрлерін сақтап қалды. Биылғы жылы жаңа өндірістік деңгейге шықты, өйткені егіс алқаптарында мамандармен жылдар бойы тексерілген заманауи техника жұмыс істеуде.

- ЖШС-да бәрі де құлдырау үстінде болды деп айта алмаймын, - дейді Серік Хабдуллаұлы. – Бұрынғы басшы көбін сақтаған, бастысы ұжым сол қалпында қалған. Жасыратыны жоқ, қиындықтар болды, алайда бәріміз бірге бұдан да өттік. Жыл санап аяқтан тік тұрғанымызға сеніміміз артқандығын сеземіз.

Қазір ауылшаруашылық кәсіпорнында екі құрылым – «Заречный» ЖШС-і және «Заречный-Агро» ЖШС-і бар, жалпы алғанда екеуінде жүзге жақын адам жұмыс істейді. Еңбек өтілдері 30 жылдан асқандар да, жастар да иық тіресе еңбек етуде.

- Биылғы жылы мен екі жас адамды жұмысқа алдым, былтыр бесеуі келген болатын, - деп жалғастырды сөзін ауылшаруашылық кәсіпорнының басшысы. – Олар: дәнекерлеуші Арғын Кенжетаев, электрші Қуат Жолдыбаев, механизатор Қуаныш Мырзахметов және мұнай базасын меңгеруші Андрей Першин. Шаруашылықта жұмыс өтілдері көп мамандардан еңбектің қыр-сырын үйренулері үшін тәжірибе алып, еңбек етуге жастар қажет-ақ. Мысалы Дулат Закирьяновты алсақ. 1979 жылдан бері еңбек етуде. Бригадир Ағыбай Қожабековтың де жұмыс өтілі одан кем емес. Бұндай мамандардан көп нәрсені үйренуге болады. Механизаторлар – ағайынды Виктор мен Александр Шитовтар, Николай Белов, Қайрат Қалқабаев та көп жылдар бойы осында жұмыс істеуде. Шаруашылықтың үздіктері қатарында Мұхтар Забенов тұр.

Бүгінгі күні «Заречный» ЖШС-нің жалпы егістік танаптары 10000 гектар. Соңғы екі жыл бойы бидайдың жұмсақ сорттарын, сұлы, сыра ашытатын арпа, зығыр, рапс, жасымық пен бұршақ егуде. Серіктестікте жермен жұмыс істеуге жауапкершілікпен қарайды. Барлық қажетті агротехникалық іс-шаралар кешенін орындайды. Мысалы, өткен жылы парға 3000 тонна тыңайтқыштар енгізілді, биылғы жылы 2500 тонна жоспарланып отыр. Сонымен қатар майлы және дәнді дақылдарға арналған «Нутривант» жапырақты қосымша азығын қолданады. Биылғы жылы майлы дақылдарға фунгицидтік, гербицидтік өңдеу, десикация және собықтарды желімдеу жасалды.

Біз келген күні рапс жинау барынша қызу жүріп жатыр екен. Егістікте екі заманауи «Джон Дир S680» және үш «Challenger 670В» комбайндары жұмыс істеп жатты. Олардың сипаттамаларын ұзақ тізе беруге болады. «Джон Дир S680» бүгінгі күнгі ең қуатты машиналардың бірі. Шаруашылықта оның пайда болуымен жұмыс қарқыны айтарлықтай жеделдетілді, шығын азайды, сондай-ақ дизельдік жағармайды тұтыну да азайды. Бір жинағанда бункерге 10 тоннаға дейін, ал «Challenger 670В» 8 тоннаға дейін салады.

ЖШС басшысы жаңа комбайндарды тәжірибелі механизаторлар – Алексей Медведевке және Асылбек Малғаждаровқа сеніп тапсырды. Олар бұл болат аттардың құрылғысымен жақсы таныс, сондықтан да оның орындалу сапасына қам жемеуге болады. Сонымен қатар Серік Хабдуллаұлы қысқы кезеңде жастарды үйретіп, кейін осы маркалы комбайндарға отырғызуды жоспарлауда. Келесі жылы бұнда тағы осындай екі машина алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ өндірісте Ресейде шығарылған «Дон», «Вектор» комбайндары бар. Жалпы айтқанда, биылғы жылы егістік науқанына 12 машина шықты.

- Өткен жылы екі шаруашылықта да астық өнімділігі гектарынан 20 центнерді құрады, - дейді ауылшаруашылық кәсіпорнының басшысы. – Рапсты гектарынан 18,5 центнерден, ал зығырды 12 центнерге дейін алдық. Биылғы жылы рапс гектарынан 20 центнерден асады, ал зығыр 14 центнер шықты, ол құрғақ, дымқылдығы бар-жоғы 12-13%. Біз оны қазір қаттап жатырмыз. Дәнді дақылдарды гектарынан 20 центнерден кемітпей, ал майлы дақылдарды шамамен 15% алуды жоспарлаудамыз.

Серік Хабдуллаұлы биылғы жылы «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 400 миллион теңгедей сомаға техника алғандығын да айтты. Бұған 4 жаңа МТЗ тракторлары және 2 КАМАЗ, 2 жаңа американдық «Арасһе» бүріккіші, 2 жаңа МАЗ және «МасDоn» өздігінен жүретін шөп машинасы кіреді. «Олар бізде былтыр да істеген, - дейді директор. – Таңқалдырды. Сондықтан да тағы біреуін алуды шештік. «Арасһе» жайлы айтатын болсақ, оның салмағы басқа бүріккіштерден мың келідей аз, ол топырақтың тығыздалуын азайтуға мүмкіндік береді, демек, астық өнімінің шығыны азаяды. Механикалық жетек топыраққа көп қуат өткізеді, сондай-ақ гидростатикалық трансмиссияға қарағанда техникалық қызмет көрсетуде де қарапайым. Тіркемелі бүріккіштей емес, бұнымен жұмыс екі есе тез жүреді. Бірқалыпты жүрісі мен кабинаның дыбыс өткізбейтіндігі жайлы жұмысты қамтамасыз еткендіктен бұл да жұмыс өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді».

Сондай-ақ ЖШС басшысы мемлекеттен берілетін көмекті де атап өтті: «Былтырғы жылы мен 100 миллионнан аса демеуқаржы алдым, - дейді Серік Хабдуллаұлы, - биылғы жылы да одан аз болмайды, өйткені қаншама техника алдық. Бұл малшаруашылығына және егіс алқаптарын өңдеуге арналған препараттарды санамағанда».

Астық жинаумен қатар парларда да жұмыс белсенді жүруде. Тыңайтқыш себілуде. Сондай-ақ сүдігерді де жыртуда.

Қазір астық жинауда 100-ден аса адам жүр, соның ішінде маусымдық та бар. Астық жинау кезіндегі еңбекақы екі шаруашылықта да 90-120 маңайында.

Жиналған астықты «Боголюбов» НҚҚ-ға кептіруге апарады. Жергілікті қоймаларда тек 2000 тоннаға дейін ғана сақталады, олар – зығыр, сыра ашытатын және кәдімгі арпаның тұқымдары. Қырманның алаңында 1000 тонна шамасында рапс жатыр. «Таяу арада жеке астық кептіргіш алуды жоспарлаудамыз, - деп жалғастырды сөзін Серік Женапинов. – Қазіргі сәтте жаңа тазартқыш В100 машинасын орнатудамыз».

Шаруашылықта малшаруашылығы да дамыған. Қазірг 200-ден аса ІҚМ басы, соның ішінде қазақ ақбас тұқымды бұқалар да бар. Малдар «Заречный» кеңшары уақытынан бері сақталған арнайы баздарда тұрады. Қазір екі баз жұмыс істейді, келесі жылы үшіншісін жөндеу жоспарланып отыр, өйткені 100 шақты ірі қара мал басы болса, 2019 жылы оның көбейетіндігіне сенімді.

Өндірістік нысандарда 30-дан аса бейнекамералар орнатылған. «Біздің бар техникамыз навигатормен жабдықталған, - дейді басшы, - сондықтан да мен әр кез қандай комбайнның қай жерде жүргенінен хабардар болып отырамын. Бізде учетчиктер жоқ».

Шаруашылықтың қырманында жұмыс қызу жүруде. Таразышы Анатолий Чепурнов жүкті тиеудің барысын Интернетке қосылған компьютерден бақылап, мәліметтерді НҚҚ-ға жеткізеді.

Қазір қырман алаңында сақталған астық дәндерін сығымдалмауы әрі кебуі үшін зерномет арқылы өткізеді. Осы сәтте 1-2% ылғалдылығы жоғалады. Кейін астықты НҚҚ-ға түсіреді.

Қазір астықтың 60% бастырылды. 700 гектар зығыр мен 2000 гектар рапсты әлі бастыру керек. Содан кейін бидайға, жасымыққа және бұршаққа көшеді.

ЖШС басшысы Заречный ауылдық округіне әлеуметтік қолдау көрсетуді де ұмытпайды. Олар көп жылу бөлетін зығыр сабанымен жағылатын, Еуропада шығарылған пештерді де орнатады. Онымен тек өндірістік нысандар ғана емес, сонымен қатар Чириковка орта мектебі де жылытылады.

P.S. Басшының айтуынша, қазір бәрі жақсы. Алайда олар қол жеткізгендерімен тоқтап қалмауға тырысуда. Бұрынғыдай астықтың түсіміне ғана емес, сонымен қатар сапасына да еңбек ететін болады. «Мен бұнда жайдан жай келмегенім анық, - дейді Серік Женапинов. – Қиын кезеңдерде тастамадым, өйткені бәрі сәтті болатындығына сенген едім!».

 

басқа жаңалықтар